Бүгін А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиядан құрметті еңбек демалысына шыққан ардагер ұстаздармен жылы жүздесу шарасы болып өтті.

Кездесуде бақытын еңбектен тапқан ардагерлер өздерінің ұстаздық жолдарындағы қызықты сәттерімен бөлісіп,білім беру саласының өткені мен бүгінгісі туралы сыр шертісті.

Құрметті ардагер ұстаздар!Сіздердің ұзақ жылдар бойы үздіксіз еткен зор еңбектеріңіздің саналы ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше, кейінгі жас буынға үлгі-өнеге болды.
Енді сол талғаусыз еңбектің жемісі ретіндегі бүгінгі зейнет демалыстарыңыздағы ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуаныштарыңыз молынан болып, немере- шөберенің қызығына тоймай ақ жаулықты Ана, ақ сақалды Ата бақытына бөленулеріңізді тілейміз! Жүздеріңіз күндей күлімдеп, жүректеріңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жандарыңыз шаттыққа кенелсін демекпіз.