Бүгін Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалы мен А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясы арасында әріптестік байланысты дамыту, ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ресми түрде меморандум жасалды.
✅Меморандумға сәйкес ұстаздардың тәжірибесі, оның ішінде инновациялық педагогикалық методикаларды енгізу әдісі облыстың барлық жалпы білім беру мекемелеріне таратылатын болады.
🤝Меморандум аясында тың идеяларға, жаңашыл педагогтерге ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсетілетіндігі екі тарапқа қуаныш пен серпін берді.