Бақтарбаев Қилыбай Шаңытұлы А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияның еңбек ардагері.12 жылдық эксперименттік жұмысының және Қ.Бітібаева атындағы атаулы мектептің және қалалық шығармашылық топ мүшесі.Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту бағарламасының авторы. ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, облыстық білім басқармасының, қала білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
1949 жылы 9 желтоқсанда Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Сарыалжын ауылында дүниеге келген.1970 жылы А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын тәмамдаған.

1966-1968 жылдары алғаш ұстаздық жолын бастаған.
1973-1976 жылдары Темір ауданы Абай атындағы орта мектепте мұғалім болып жасаған.1976-1995 жылдары Дербісалин атындағы орта мектепте оқу ісі жөніндегі орынбасар, интернат меңгерушісі болып қызмет атқарған.
1995 жылы №32 мектеп-гимназияда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1996-1999 жылдары №37 орталау мектебінде директор болып қызмет атқарған.
1999 -2016 жылдары №24 лингвистикалық мектеп-гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
“Жыраулар поэзиясы” авторлық бағдарламасының авторы, жинақ құрастырушысы ,”Қилы тағдырлар”, «сезім сергелдеңі» көркем шығармалар жинақтарының авторы.

02 3