Мектеп-гимназияда 16 желтоқсан-Қазақсан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай мектепішілік үйірмелерге қатысушылардың ұйымдастыруымен “Бабалар аңсаған Тәуелсіздік” атты мерекелік кеш өтті. Қазақ елінің тәуелсіздік алған күнінен бастап тарихи оқиғалардан сахналық қойылымдар көрсетіліп,патриоттық әндер шырқалды.Оқушыларды елін сүйгіштікке,ұлтжандылыққа үндейтін жыр жолдары жатқа оқылып,көңілге қуаныш пен мұң ұялатқан тартымды шара көпшілік қауымның көңілінен шықты.
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy