Нұржанов Мейірбек Мирболатұлы Ақтөбе қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияның 11«Б» сыныбында оқиды. Оқу үлгерімі орташа, сыныптағы белсенді оқушы. Кездейсоқ қиындыққа тап келген адамға алғашқы көмек көрсетіп, өмірін құтқарып қалды.
Мейірбек мектепішілік волейбол үйірмесінен шыққан соң мектеп жанындағы «Соседушка» дүкеніне соғады. Дүкен ішінде 18 жасар қыздың құлап бара жатқанын байқап, дереу көмек көрсетуге кіріседі. Нақтырақ айтсақ, жедел жәрдем келгенше қыздың «Эпилепсия» ауруымен демігіп, тілін жұтып бара жатқанын көріп, алғашқы көмек көрсетіп, қыздың өмірін сақтап қалуға атсалысты.
Оқушымыз Нұржанов Мейірбектің адамгершілік, мейірімділік, жанашырлық қасиеттерді бойына сіңіріп, тәрбиелі азамат болып өсіп келе жатқанына қуанамыз.Қазіргі таңда кез-келген адамға қажетті мұндай жағымды іс-әрекет марапаттауға лайықты деп есептейміз. @obrazovanie_gorod_aktobe @aqtobe_bilim_basqarmasy @astana_audany_akimdigi