2023 жылдың 7сәуірі күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназия мен “Әдістемелік кабинет” КММ-ның бірлесе ұйымдастыруымен қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні жас мамандары арасында “Жас маман - 2023” байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты жас мамандардың кәсіби және шығармашылық қабілеттерін шыңдай отырып, өз мамандықтарына деген жауапкершіліктерін арттыру, өзара тәжірибе алмасу;
Байқау екі бөлім бойынша өтті. Бірінші бөлім онлайн форматта өтіп, "Оқуға құштар мектеп- оқуға құштар ұлт жобасы" аясында Шерхан Мұртазаның "Дәрігердің үшінші қаруы" әңгімесі негізінде google.форма жүйесімен тест алынды. Іріктеу кезеңнен өткен 10 мұғалім екінші кезеңде өздерінің панорамалық сабақтарын ұсынып, өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар ұяшықтарды таңдай отырып, өз пәндері бойынша білім-білік дағдыларын анықтайтын сұрақтарға жауап берді.
Байқауға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің аға оқытушысы Ташимбаева Сақыпжамал Жаянқызы, Өрлеу БАҰО-ның Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институтының әдіскері Ермекбаева Ляззат Жеңісқызы, Ақтөбе қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинет әдіскері Ералина Бағила Төлепбергенқызы қазылық етті.
”Жас маман-2023” байқауына №56ЖББОМ, №75ЖББОМ, Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66ЖББОМ, №65ЖББОМ, Ә.Марғұлан атындағы №71ЖББОМ, Қызылжар орта мектебі, №78мектеп-гимназия, №13мектеп, Қ.Сәтбаев атындағы ОМЛ-дің жас мамандары қатысты.
Байқау жеңімпаздары:
Бас жүлде Таңатарова Айгүл Хамидуллақызы №75 ЖББОМ;
1-орын Мінсізбаева Жансая Асылбекқызы №13 мектеп;
2-орын Молданиязова Ақкүміс Айтуғанқызы Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66ЖББОМ;
3-орын Дагарова Ақерке Асылбекқызы Қ.Сәтбаев атындағы ОМЛ.

25 11 25 11 25 11 25 11 25 11 25 11 25 11 25 11 25 11