Ерікті (волонтер) – латынның «voluntaries» деген сөзінен шыққан. Яғни өз еркімен ақысыз қызмет көрсетіп, қоғамдық жұмысқа белсенді араласушы адам. Бұл бағытта адамның жасы, жынысы, білімі немесе қаржылық жағдайы маңызды емес. Бастысы – таза ниетпен қолдан келетін іспен көмектесу. Еріктілікпен ұйымдар арқылы, ынталы топтармен немесе жеке де айналысуға болады. Мұндай қызмет түрлерінің аясы өте кең.
Ерікті оқушылардан құрылған топ соңғы кезде ақша қардың мол жаууынан мектеп ауласын жиналған қардан тазалауға өз үлестерін қосты.

Еріктілік – жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймай, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді.

Сондықтан да уақытты еріктілікке жұмсау – уақытты текке өткізу емес, тұлғалық дамуға құйылған ең қымбат инвестиция екені сөзсіз.