Бүгін мектеп-гимназияда Тіл мерекесіне және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай жоспарланған іс-шаралар тізбегіне сәйкес мұғалімдер арасында "Ұлт ұстазының ұлы жолымен..."атты интеллектуалды ойталқы ұйымдастырылды.
Ұстаздықтың ұлы көшін бастаған Ахмет Байтұрсынұлының мол мұрасын тану- оның атын иеленген мектеп-гимназиядағы әр ұстаздың басты міндеті.
Сондықтан да айтулы мерекеде іс-шаралар тек оқушыларға ғана емес,ұстаздарға да жоспарланған болатын.
Кеш барысында қатысушы мұғалімдер Ахаңның өмірі мен мұрасын қаншалықты білетіндіктері тұрғысынан додаға түсіп,әрі қарай ғалымның өсиет еткен нақыл сөздері мен бүгінгі қоғамдағы көкейкесті мәселелер яғни ана тілі,тарих,ұлтжандылық, оқу-ағарту ісі,білім мен ғылым,ұрпақ тәрбиесі төңірегінде өз пікірлерін ортаға салып, келелі ойларын білдірді.
Ұстаздар қауымы қай кезеңде де өздерінің ұлт ,тіл жанашыры, Ахаң ізін жалғаушы ізбасарлары мен аманатын жүзеге асырушы екендіктеріне тағы да бір көз жеткізді.