Қазан айынан бастап А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияда "Мектептерге арналған PISA" халықаралық зерттеуіне байланысты "PBTS-2024" тестілеуіне жоспар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы он бес жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді.
РISA тестілеуінің мақсат-міндеттері мен зерттеу барысы туралы ата - аналарға, оқушыларға жиналыс өткізіліп,түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Жалпы дайындық барысы мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің бақылауында. Дайындық негізгі үш бағыт “математикалық сауаттылық”, “жаратылыстану сауаттылығы” және “оқу сауаттылығы” бойынша жүргізіліп жатыр.