Оралмагамбетова Күміс Тлеулесовна
1961 жылы 14 тамызда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Талдықұм селосында дүниеге келген. 1978 жылы орта мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы Қыздар педагогика институтының жаратылыстану факультетінің география-биология бойынша оқуға түсіп, 1983 жылы бітірді. Новорлей қазақ орта мектебіне география, билогия, химия пә»ні бойынша мұғалім, 1985 жыл 1988 жылдар аралығында Мұғалжар ауданының оқу бөлімінде оқу инспекторы, 1988-1989 жыл №№ орта мектепте география пәні мұғалімі қызметін атқарған. 1989 жылдан 1997 жыл аралығында Мұғалжар аудандық оқу бөлімінде оқу методисті қызметінде болып, мекен-жай өзгеруіне байланыстьы , 1997 жылдан құрметті еңбек демалысына дейін №24 ЛМГ-де география пәні мұғалімі болып қызмет жасаған.Бірнеше рет оқушылары республикалық олимпиада жүлдегер атанған.
Жолдасы, қызы, немересі бар бақытты жанұяның отанасы.