«Республика күні» мерекесіне орайластырып, «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени ағарту бағыты бойынша мектебіміз Ақтөбе қалалық білім бөлімінің қолдауымен «Жаңа күн – жаңа Қазақстан» атты мектеп оқушылары арасында қалалық жас ақындар айтысын ұйымдастырып өткізді. Оған қала мектептері және қосымша білім беру мекемелерінің атынан 12 оқушы қатысты.
Оған айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық Одағының Ақтөбе облысы бойынша төрағасы Марат Ахметов, ақындар айтысының республикалық деңгейдегі жүлдегерлері Қайырхан Жұбаниязов пен Самғар Орынбайұлы бастаған кәсіби айтыскерлер төрелік жасады.
Қазылар алқасының шешімі негізінде Ш. Құдайбердіұлы атындағы №66 ЖББОМ-нің 10 сынып оқушысы Нұраддин Арай бас жүлдегер, мектебіміздің 7 сынып оқушысы Рашидов Айбар І орын иегері ретінде танылды. Келесі ІІ орындарды №40 ЖОББМ-нің 7 сынып оқушысы Әбдірахман Мансұр және қосымша білім беретін «Шаңырақ» аула клубы МКҚК шәкірті Нұрадин Илияс еншіледі. ІІІ орын жүлделері №40 және №56 ЖОББМ-нің оқушылары Жилкибаев Нұржан мен Нұрмағамбет Еркеназға бұйырды.
Жеңімпаз оқушыларға жүлделі орын дипломдарымен бірге ақшалай ынталандыру сыйлығы табысталды. Қалған қатысушылар қалалық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.