Қазақстан халқы тілдері күніне орай қыркүйек айының 5-і күні “ Тіл-ұлттың тұмары” атты қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің үшкүндік бағдарламасы дайындалды.
Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - “Ұлттың сақталуына да жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаты - тіл” деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы
Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Үшкүндік бағдарлама негізінде “Тіл - қасиет, тіл -өнер, тіл- тәрбие” тақырыбында кешіміз болып өтті. Кеш барысында оқушыларымыз ұлы тұлғаларымыздың өлеңдерін оқып, ән шырқап,көрермен көңілін көтерді. Ұлттың арын арлап,жоғын жоқтаған Ахмет Байтұрсынұлы туралы бейнеролик көрсетілді. “Тілсіз бидің құдіреті шексіз” демекші мектеп-гимназияның “Қазына” би ансамблі “Көңіл ашар” биін билеп,көрермен көзайымы бола білді.
⚡️ Жалпы алғанда бұл шараның мақсаты : Ұлттық тіліміз қазақ тілінің атаулы күн екендігі және Ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа тұс келетіндігін барлығымыз біліп жүруіміз керек. Елін , жерін, өнерін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігі және азаматтық міндетіміз екенін ұғындыру.