28 наурыз күні А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияда қазақ тілді мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған "Заманауи сабақ:Ізденіс.Нәтиже.Келешек" тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: орыс тілі мен әдебиеті сабағында оқытудың жаңаша технологияларын қолдану-сапалы білім берудің басты негізі.
Семинар жұмысын мектеп-гимназия директоры Ешмухамбетова Г.А.ашты.
Әрі қарай сөз кезегін қалалық "Әдістемелік кабинеттің " әдіскері Сүлейменова А.М.алып, заманауи оқыту- оқушылардың функционалдық дағдысын қалыптастырудың жолы екендігі туралы айтты.
"Әдістемелік кабинеттің"әдіскері Темирханова Р.К.білім берудегі жаңаша қадамдар бүгінгі күннің жаңаша шынайы талабы екенін ортаға салды.
Семинар барысында Мухтарова М.Ж. 10"Ә"класына Оноре ле Бальзак "Гобсек", Ерманова И.Т. 8"Б"класына А.С.Пушкин "Моцарт и Сальери"тақырыбында ашық сабақ өткізіп, Гореева А.М.мен Боранбаева Г.Т. өз тәжірибелерінде қолданып жүрген оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін ортаға салды.
Семинарға қатысушылар Актауова Ш. дайындаған "Ертегілер еліне саяхат"тақырыбындағы кластан тыс шараны үлкен ризашылықпен тамашалады.
Семинар соңындағы кері байланыста семинарға қатысушылар ризашылықтары мен оң бағаларын білдіріп,мектеп ұжымына алғыс айтты. Семинар шынайы,қызықты,жан-жақты өтті.