Жаңа оқу жылының екі аптасы да зырғып өте шықты.Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы білім ордасы ұзақ уақыт демалыстан келген мектеп табалдырығын аттаған оқушылармен адаптация, таныстық жұмыстарын жүргізіп, тәрбие мен білім беру процесіне қызу кірісіп кетті.

Бастауыштан орта буынға қадам басқан 5-кластықтар да бір мұғалімнен бірнеше мұғалімге үйренісіп,түрлі даңа пәндермен танысуда.Жаңа оқу жылында 134 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттап,инемен құдық қазатын оқудың алғашқы таңбаларын салуда.
Оқушылар контингенті-1440. Педагог саны -123.Педагог кадрларды конкурспен қабылдау негізінде мектеп мұғалімдер тобы 12 кадрмен толықты.Зерттеуші -педагог-34, сарапшы-педагог-23, модератор-педагог-32.Айтыс, хор, би,дебат,драма, домбыра және түрлі деңгейдегі спорттық үйірмелер жұмыс жасайды.