Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету – әркімнің міндеті. Бүгінгі жас – болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу-білімнің тізгінін ұстату – мемлекет пен қоғамның міндеті.

Ақтөбе облыстық өңірінің мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға, қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып, өзінің азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға ат салысып жүрген Ақтөбе қаласы А.Байтұрсынов атындағы ЛМГ директоры Ешмуханбетова Ғалия Агимбетовнаға Түркия мемлекеті Анталия қаласына демалысқа тегін жолдама берілді.
Осындай қоғамдық жұмыстарға қатысып, өзінің үлесін қосып отырған, ұстазға үлкен алғысымызды білдіреміз.