Сынып жетекшілеріне арналған "Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу" тақырынбында семинар-тренинг өтті. Мақсаты: Сынып жетекшілерге зорлық-зомбылықтың кері әсерлерін түсіндіру, ата-аналармен жағымды қарым-қатынас орната білуге үйрету, жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары.
Семинар-тренингте Республикалық "Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты" акционерлік қоғамы орталығынан біліктілікті арттыру курсынан өткен педагогтар Нұртасова А.Н., Есжанова А., Кушкарбаева А. О., Төлегенова К. Н. өз іс-тәжірибелерімен, әдіс-тәсілдерімен бөлісті.