Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі бойынша қорытынды

Мектеп - гимназияның 8 "Г" сынып оқушысы Ермек Нұрислам "Мен жастарға сенемін!" республикалық оқушылар арасындағы айтыстың облыстық кезеңіне қатысып, 15 жастағы айтыскерлер арасынан 3- орынға ие болды.

2023 жылдың 29 қараша күні мектеп -гимназияда 5-6-сынып оқушыларына республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті.Мектеп - гимназияның 5-6-сынып оқушылары арасынан қазақ тілі мен әдебиеті, қазақстан тарихы, ағылшын тілі, орыс тілі, жаратылыстану, математика пәндеріне 168 білім алушы қатысты.Жүлделі орын алған оқушыларды тізімі:

Мектеп-гимназияның 3"Ә" сынып мұғалімі Есмұханова Ләззат Наурызбайқызы республикалық "Алтын тұғыр" атты математикалық логикалық бағыты бойынша өткен олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысып, алғыс хатпен марапатталды.
Ләззат Наурызбайқызына үлкен биікке қол жеткізуге тілектеспіз!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобаның облыстық кезеңінде 10-сынып оқушысы Рейімхан Кәусар lll дәрежелі дипломды иеленді. Жетекшісі: Мусиралина Назгул Самалыковна.
Оқушыларымызға шығармашылық бағытта сәттілік тілейміз!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобаның облыстық кезеңінде 9- сынып оқушылары: Абрашева Дария, Махмутова Фатима lll дәрежелі дипломды иеленді.
Жетекшісі: Қыдырбаева Ботагөз Женисовна

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобаның облыстық кезеңінің жүлдегерлері:
Латыпова Айгуль -10 сынып оқушысы, ll орын. Жетекшісі Абдиреева Жұлдыз Амангельдиевна

Ақтөбе қаласы Астана және Алматы аудандарынын қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының тәрбие және идеологиялық тобының басшысы лейтенант Ернұр Аширбеков Болатович 2023 жылдың 17-қазан күні «А.Байтұрсынұлы атындағы ЛМГ» КММ-де 10-11 сынып окушыларына жоғары әскери оқу орындарына түсу туралы үгіт насихат жұмыстарын өткізді.

Республикалық “Зерде” шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары байқауының облыстық кезеңінде "Технология және өнер" секциясы бойынша жоба қорғап жүлделі 2 орынға ие болған мектеп-гимназиямыздың
6 "А" оқушысы Ілияс Жанерке

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияның 4"Г" сынып ата-анасы Тобажанов Руслан Исағалиұлы 4- сыныптар арасында ұйымдастырылған қалалық "Әке,ана және мен" интелектуалдық байқауына қатысты. Тобажанов отбасы мақтау қағазымен марапатталды.

Ойлы да кемеңгер мемлекет қайраткері, батыр да жігерлі қолбасшы Сұлтан Бейбарыс бабамыздың туғанына 800 жыл толуына орай 7 класс оқушылары арасында қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы пәндері бойынша ұйымдастырылған облыстық пәндік олимпиада да мектеп-гимназиямыздың 7 “А” класының оқушысы Жумабаев Ерсұлтан жүлделі 3-орынға ие болды.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияда 2023 жылдың 25 қараша күні ғылым негіздері бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті.