Қазақстандық мектептерде екінші тоқсан аяқталуда. Қысқы демалыс 2023 жылдың 29 желтоқсанынан 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда 10 күнге созылады.

А. Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп- гимназия педагогтарды бос немесе уақытша бос лауазымға үміткерлерді тағайындау бойынша ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 3 тарауы, 162 тармақшасына сәйкес конкурс өткізілді. Конкурс шешімі бойынша педагогтардың бос немесе уақытша бос лауазымына төмендегідей маман қабылданды.

2023 жылдың 4.12-19.12 желтоқсан аралығында өткен Халықаралық "Компьютерлік ғылымдар" апталығы аясында "Қазақстандағы Код сағаты" акциясын және "First Robotics" робототехника жөніндегі ғылыми жобалардың республикалық конкурсына А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясының 3-11 сынып оқушыларына тақырыптық сабақтар ұйымдастырылды.

Primeminister.kz редакциясы 2023 жылды Қазақстанның түрлі салалардағы даму нәтижелері туралы материалдар сериясымен қорытындылауды жалғастырады.

Бүгінгі шолуда білім беру саласы туралы әңгіме қозғалады. Қазіргі уақытта республикада Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі білім беру саласын нығайту жөніндегі бірқатар маңызды бастамалары іске асырылуда.

Ақтөбелік оқушы бойжеткенді өлім аузынан құтқарды. Адам өміріне араша түскен батыл жас Ахмет Байтұрсынов атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Мейірбек Нұржанов.

Оқиға мектеп маңындағы дүкенде болған. Волейбол үйірмесінен шыққан ол, сусын алуға дүкенге кіргенін айтады. Сол мезетте, жағдайы нашарлаған қыз баланы көріп бірден көмекке ұмтылыпты.

2023 жылдың 19 желтоқсаны күні Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығының ұйымастыруымен облыстық СПИД орталығының еріктілері Сансызбай Алмаз бен Есен Бектас АИТВ инфекциясын алдын алуға байланысты 8-11 кластардың жетекшілеріне тренинг-семинар өткізді.XX ғасырдың обасы аталған дерт туралы сұрақтар қойылып,сыеып сағаттары мен сабақтарға қолдануға болатын тың деректер берілді.

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ
ГЛАВА МИНПРОСВЕЩЕНИЯ ОБ ИТОГАХ ГОДА

Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалы мен А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясы арасында әріптестік байланысты дамыту, ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ресми түрде меморандум жасалды.

9-11 класс оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ кезеңінің іріктеу туры (тесттілеу) нәтижесі бойынша 10-класс оқушысы Латыпова Айгул республикалық кезеңге жолдама алды.

Мектеп-гимназияда 16 желтоқсан-Қазақсан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай мектепішілік үйірмелерге қатысушылардың ұйымдастыруымен “Бабалар аңсаған Тәуелсіздік” атты мерекелік кеш өтті. Қазақ елінің тәуелсіздік алған күнінен бастап тарихи оқиғалардан сахналық қойылымдар көрсетіліп,патриоттық әндер шырқалды.Оқушыларды елін сүйгіштікке,ұлтжандылыққа үндейтін жыр жолдары жатқа оқылып,көңілге қуаныш пен мұң ұялатқан тартымды шара көпшілік қауымның көңілінен шықты.