“3d редакторының құралдары” тақырыбында 6 ә сыныбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Р.Р. Кокаманова

"А. Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназия" КММ-де "Төрт тоқсан-төрт өнер" жобасы аясында "Алтын сақа" республикалық челленджі " өтті. Челлендж мақсаты — білім алушыларды рухани- адамгершілік, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу.
Челленджге қатысқан оқушылар, ата-аналар, ұстаздар "Үш табан", "Бес асық" ойындарын ойнап, өз ара бақ сынасты. Челленджге белсене қатысқан ойыншылар іс-шара соңында Алғыс хатпен марапатталды.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап "Ұлттық қор - балаларға" жобасын іске қосу жоспарлануда. Оған сәйкес, барлық балаларға жыл сайын ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50% есептеледі.

Балалар 18 жасқа толғанға дейін инвестициялық кіріс мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептеледі. Бала 18 жасқа толғанда БЖЗҚ-да оған арналған нысаналы жинақтау шоттары (бұдан әрі - НЖШ) ашылады. Бұл шоттан ақшаны тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалануға болады.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінде әдістемелік күн өткізілді. Қараша айының 6-10 аралығында күнтізбелік жоспар бойынша мұғалімдер сабақ өткізді.

"Әлем нақты ғылымдардың тілінде" атты Ифм кафедрасы апталығы аясында информатика пәні мұғалімі Мустаков Б.А. 7 "ә" сыныбында "Электронды кестелер" тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ жоғары деңгейде өтті.Оқушыларда сабаққа қызығушылықпен белсене қатысты.

15.11.2023 ж ИФМ кафедрасының апталығы аясында 8-сынып оқушылары арасында “Майталман физиктер” тақырыбында сайыс түрінде кластан тыс шара өткізілді.Мақсаты: оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттырып, топтасып жұмыс жасау машықтарын ұштап, ойлау жылдамдықтарын жетілдіре отырып, коммуникациялық дағдыларын аша түсу.

”Әлем нақты ғылымдардың тілінде” ИФМ кафедрасы апталығы
Математика пәні мұғалімі Курашова Н
11”В” сынып
”n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері” тақырыбындағы ашық сабағы

”Әлем нақты ғылымдардың тілінде” ИФМ кафедрасы апталығы
Математика пәні мұғалімі Мамбетрозова Д.Қ

“А. Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияда математика, информатика, физика пәндері бойынша “Әлем нақты ғылымдар тілінде” тақырыбында апталық басталды.
Апталықтың негізгі мақсаты: Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен алмасу.
Апталық 13.11-17.11.23 аралығында өтеді.

«Ақтөбе облысы жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ-нің ұйымдастыруымен 12 қараша күні Ақтөбе қалалық Б.Момышұлы атындағы №62 ЖББОМ базасында Ақтөбе облысы бойынша мектеп ұстаздары арасында «Волейбол» жарысы өтті

"Жеткіншектің жеті жарғысы" жобасы аясында мектеп-гимназияның Еріктілер тобы мүшелері көп қабатты мектеп-гимназия ауданына қарасты тұрғын үйлердің хабарландыру тақталарына "Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы" акпараттық
флаерлер іліп, тұрғындарға таратты.

«А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназия»КММ-де жасөспірімдерді волонтерлық жұмысына тарту бойынша «Еріктілер - ел ертеңі» тақырыбында 8-9-сынып арасында топтық сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты: «Еңбегі адал жас өрен» және «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобалары аясында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, бос уақытын тиімді өткізуге және волонтерлық жұмысқа тарту болды. Іс-шараға қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Кульжанова Р.Ж., Ақтөбе облыстық «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Тыныштық Ә., мектеп-гимназия «Даналық мектебі» мүшесі Тәжбенова И. қатысып, топтардың жұмысын бағалады.