Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназия жоғарыдағы ⬆️ бос лауазымдарға конкурс жариялайды.

Математика пәні мұғалімі -2 ( уақытша 32 сағат) География пәні мұғалімі -1 ( тұрақты, 16 сағат). МАД тәрбиешісі -1 бірлік (уақытша). Информатика пәні мұғалімі-1 ( уақытша, 10 сағат). Физика пәні мұғалімі-1 ( уақытша, 10 сағат).

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияда Ақтөбе қалалық білім бөлімі «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты» және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен бірлесіп, 2023 жылы 14 сәуірде мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы, лингвист-ғалым А. Байтұрсынұлына арналған «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҰЛТ ҰСТАЗЫ» атты І облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

2023 жылдың 26 сәуірі күні Қалалық «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес  жас директорларға арналған «Бірлескен жұмыс: Нәтижеге бағытталған оқу-тәрбие үдерісін тиімді жоспарлау» тақырыбында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияда қалалық семинар өткізілді.
Мақсаты: Білім беру ұйымдары басшыларының басшылық пен басқарушылық құзіреттілігін жетілдіру, ұжымдық жұмысты дамыту, білім сапасын арттыруда әріптестермен іс-тәжірибе алмасу.

Аталған шараға Ақтөбе қаласының білім бөлімі басшысы Қосымбаева М.О., қалалық «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері Садыкова А.С. мен жас мектеп директорлары қатысты.

2023 жылдың 7сәуірі күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназия мен “Әдістемелік кабинет” КММ-ның бірлесе ұйымдастыруымен қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні жас мамандары арасында “Жас маман - 2023” байқауы өтті.

28 наурыз күні А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияда қазақ тілді мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған "Заманауи сабақ:Ізденіс.Нәтиже.Келешек" тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: орыс тілі мен әдебиеті сабағында оқытудың жаңаша технологияларын қолдану-сапалы білім берудің басты негізі.