Ақтөбе қаласының білім бөлімі

РЕПОСТ @obrazovanie_gorod_aktobe 19 қазан күні "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Әдістемелік кабинет" КММ жоспарына сәйкес "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясы" КММ –де "Оқушылардың біліміндегі олқылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жүйесін ұйымдастыру", "Алгебра бойынша алғашқы сынақ тексеру жұмыстарын жүргізу (8 сынып)", "Алгебра бойынша сынақ жұмысын талдау" семинар-практикумы өткізілді.
Ақтөбе облысы математика және физика пәні мұғалімдерінің ІІІ шығармашылық

Ақтөбе облысы математика және физика пәні мұғалімдерінің ІІІ шығармашылық байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған Есжанова Айымгул Базаргалиевнаны құттықтаймыз.
Ақтөбе облысы математика және физика пәні мұғалімдерінің ІІІ

Ақтөбе облысы математика және физика пәні мұғалімдерінің ІІІ шығармашылық байқауында І дәрежелі диплом иеленген Бозшин Бекболат Жагалбайлиевичті құттықтаймыз.
ҮЗДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПЕДАГОГІ – 2023

Республикалық «ҮЗДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПЕДАГОГІ – 2023 байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды!
«Республика күні» мерекесіне орайластырып
«Республика күні» мерекесіне орайластырып, «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени ағарту бағыты бойынша мектебіміз Ақтөбе қалалық білім бөлімінің қолдауымен «Жаңа күн – жаңа Қазақстан» атты мектеп оқушылары арасында қалалық жас ақындар айтысын ұйымдастырып өткізді. Оған қала мектептері және қосымша білім беру мекемелерінің атынан 12 оқушы қатысты.
Тоғыз айға-тоғыз іс-шара
25 қазан Республика күні мерекесі қарсанында “Тоғыз айға-тоғыз іс-шара” жоба аясында «Қыран елім - Қазақстан!» атты патриоттық акциясы негізінде гимназияда Мемлекеттік Гимнді орындау шарасы ұйымдастырылды.
А. Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп- гимназия педагогтарды

А. Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп- гимназия педагогтарды бос немесе уақытша бос лауазымға үміткерлерді тағайындау бойынша ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 3 тарауы, 162 тармақшасына сәйкес конкурс өткізілді. Конкурс шешімі бойынша педагогтардың бос немесе уақытша бос лауазымына төмендегідей маман қабылданды:
Қазақстан Республиканың Оқу - ағарту министрі Ғани Бейсембаев мырзаның
Қазақстан Республиканың Оқу - ағарту министрі Ғани Бейсембаев мырзаның @a.baitursynuly_lmg ұжымын, 5 қазан - “Халықаралық мұғалімдер” күнімен құттықтауы🌸👏👏
«Достық үйі»
Халықаралық қарттар күніне орай 3 қазан күні «Достық үйі» КММ-де Астана ауданы әкімдігі мен А. Байтұрсынұлы атындағы ЛМГ-ның ұйымдастыруымен мерекелік бағдарлама өткізілді.
Шараға қалалық мәслихат депутаттары мен ардагерлері қатысты.
Астана ауданы әкімі А.М.Көпенов игі жақсыларымыз, қарттарымызды мерекемен құттықтап сыйлықтар табыстады
ТҮЛЕКТЕР ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнады сөздің мәйегін.
Шәкірттері оқытқан
Жіберді жолдап сәлемін.
"Менің Отаныма - менің бастамам"

Республикалық "Менің Отаныма - менің бастамам" атты шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша “Жақсылық керуені” номинациясымен жоба қорғап жүлделі орынға ие болған “А.Байтұрсынұлы атындағы ЛМГ" КММ-ның 8 “В” сынып оқушысы Қазтұрған Айшабибі