"Менің Отаныма - менің бастамам"

Республикалық "Менің Отаныма - менің бастамам" атты шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша “Отаным-қасиетті туған жерім” номинациясымен жоба қорғап жүлделі орынға ие болған “А.Байтұрсынұлы атындағы ЛМГ"КММ-ның 7 “Ә”сынып оқушысы Амантаева Анэлия
2023 жылдың 29 қыркүйекте әскери бөлімнің тәрбие және әлеуметтік
2023 жылдың 29 қыркүйекте әскери бөлімнің тәрбие және әлеуметтік - құқықтық жұмыстар жөніндегі бөлімше бастығының жастармен жұмыс жөніндегі көмекшісі капитан Н.Жүсіп., рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары аға лейтенант Е.Арыстанбеков., взвод командирі аға лейтенант А.Умурзаков “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясының” 11 сынып оқушыларымен “Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша іс-шаралар кешені” барысында, аталған жоба аясында ҚР Ұлттық ұланның Академиясына оқуға түсуге арналған мәліметтерді жастарға жеткізіп қайтты.
Бүгін А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиядан
Бүгін А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиядан құрметті еңбек демалысына шыққан ардагер ұстаздармен жылы жүздесу шарасы болып өтті.
Кездесуде бақытын еңбектен тапқан ардагерлер өздерінің ұстаздық жолдарындағы қызықты сәттерімен бөлісіп,білім беру саласының өткені мен бүгінгісі туралы сыр шертісті.
Урдина Назима Жолжанқызы 1947 жылы 27 қарашада Шалқар қаласында дүниеге келген

Урдина Назима Жолжанқызы 1947 жылы 27 қарашада Шалқар қаласында дүниеге келген.1954-1965 жылдары Шалқар қаласы қазақ орта мектебін бітіріп,1966-1968 жылдары Алматы Шет тілдер институтында оқып,1968-1971 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтын бітірген.Ұстаздық қызметін 1967 жылы туған жерінде №496 мектепте бастап,№469 орыс мектебінде жалғастырған.Сүйіп таңдаған мамандығының шебері бола алатынын алғашқы жылдары-ақ көрсета алған Назима Жолжанқызы 1983 жылы Оқу-Ағарту ісінің үздігі төсбелгісімен марапатталған.
Жанат Сатановна Суентаева 1958 жылдың 2-қыркүйегінде Ақтөбе қаласында дүниеге келген

Жанат Сатановна Суентаева 1958 жылдың 2-қыркүйегінде Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
1975-1983 жылдар аралығында Мұғалжар ауданы Темір совхозының ВЛКСМ-нің 30 жылдығы атындағы орта мектепте аға тәлімгер болып жұмыс жасаған.
1983-1988 жылдар арасында Ақтөбе педагогикалық институтының «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығын сырттай бөлімінде оқыды.
Қалиева Сақыпжамал Жарасқановна 1980-1985 жылы Орал қаласындағы

Қалиева Сақыпжамал Жарасқановна 1980-1985 жылы Орал қаласындағы А.С Пушкин атындағы педагогикалық институттың шет тілдер факультетін бітіріп,еңбек жолын Шалқар ауданы Дамбар қазақ орта мектебінен арнайы жолдама арқылы бастады.
Саналиева Жұмазия Битөлеқызы 1961 жылы, 24 маусымда Ойыл ауыл советінде

Саналиева Жұмазия Битөлеқызы 1961 жылы, 24 маусымда Ойыл ауыл советінде, Қызылқоға ауданы, Гурнь облысында дүниеге келді. Атырау қаласындағы С.Мендешев атындағы мұғалімдер даярлайтын институттың күндізгі бөліміне қабылданып, осы аталған оқу орнын биология және қосымша химия мамандығы бойынша 1984 жылы бітірді.
Кистаубаева (бұрынғы тегі Қайырова) Рысты Сәкенқызы 1958 жылы 10 шілдеде

Кистаубаева (бұрынғы тегі Қайырова) Рысты Сәкенқызы 1958 жылы 10 шілдеде Темір ауданының Еңбек селосында дүниеге келді. 1973 жылы Ақтөбе қаласының №16 орыс-қазақ аралас мектебінің 8-сыныбын бітіріп, Ақтөбе педагогикалық училищесіне оқуға түсті.
Кунтуова Сандуғаш Сапақызы 1958 жылдың 15-ші қаңтарында Ақтөбе облысы Ырғыз

Кунтуова Сандуғаш Сапақызы 1958 жылдың 15-ші қаңтарында Ақтөбе облысы Ырғыз (қазіргі Әйтеке би) ауданы, Жабасақ кеңшарында дүниеге келген. Әкесі Әбдібеков Сапа тарих пәнінің мұғалімі, анасы Есқалиева Жамаш үй шаруасындағы әйел. Бастауыш кластарды Жамбыл бастауыш мектебінде оқып, орта мектепті Урожайный совхозында, Урожайный орыс мектебінде жалғастырған.
Арыстанова Бижамал Сабырғалиқызы 1954 жылы 25-қарашада Орал облысы

Арыстанова Бижамал Сабырғалиқызы 1954 жылы 25-қарашада Орал облысы, Чапаев ауданы, Перімай совхозында Бітік ауылында дүние келді. 1973 жылы Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының тарих педагогика факультетіне оқуға түсіп, 1978 жылы “Тарих және қоғамтану пәні мұғалімі, тәрбие жұмысының методисі” мамандығын бітірді.
Бақтарбаев Қилыбай Шаңытұлы А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияның еңбек ардагері

Бақтарбаев Қилыбай Шаңытұлы А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияның еңбек ардагері.12 жылдық эксперименттік жұмысының және Қ.Бітібаева атындағы атаулы мектептің және қалалық шығармашылық топ мүшесі.Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту бағарламасының авторы. ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, облыстық білім басқармасының, қала білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
1949 жылы 9 желтоқсанда Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Сарыалжын ауылында дүниеге келген.1970 жылы А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын тәмамдаған.