Саналиева Жұмазия Битөлеқызы 1961 жылы, 24 маусымда Ойыл ауыл советінде

Саналиева Жұмазия Битөлеқызы 1961 жылы, 24 маусымда Ойыл ауыл советінде, Қызылқоға ауданы, Гурнь облысында дүниеге келді. Атырау қаласындағы С.Мендешев атындағы мұғалімдер даярлайтын институттың күндізгі бөліміне қабылданып, осы аталған оқу орнын биология және қосымша химия мамандығы бойынша 1984 жылы бітірді.
Кистаубаева (бұрынғы тегі Қайырова) Рысты Сәкенқызы 1958 жылы 10 шілдеде

Кистаубаева (бұрынғы тегі Қайырова) Рысты Сәкенқызы 1958 жылы 10 шілдеде Темір ауданының Еңбек селосында дүниеге келді. 1973 жылы Ақтөбе қаласының №16 орыс-қазақ аралас мектебінің 8-сыныбын бітіріп, Ақтөбе педагогикалық училищесіне оқуға түсті.
Кунтуова Сандуғаш Сапақызы 1958 жылдың 15-ші қаңтарында Ақтөбе облысы Ырғыз

Кунтуова Сандуғаш Сапақызы 1958 жылдың 15-ші қаңтарында Ақтөбе облысы Ырғыз (қазіргі Әйтеке би) ауданы, Жабасақ кеңшарында дүниеге келген. Әкесі Әбдібеков Сапа тарих пәнінің мұғалімі, анасы Есқалиева Жамаш үй шаруасындағы әйел. Бастауыш кластарды Жамбыл бастауыш мектебінде оқып, орта мектепті Урожайный совхозында, Урожайный орыс мектебінде жалғастырған.
Арыстанова Бижамал Сабырғалиқызы 1954 жылы 25-қарашада Орал облысы

Арыстанова Бижамал Сабырғалиқызы 1954 жылы 25-қарашада Орал облысы, Чапаев ауданы, Перімай совхозында Бітік ауылында дүние келді. 1973 жылы Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының тарих педагогика факультетіне оқуға түсіп, 1978 жылы “Тарих және қоғамтану пәні мұғалімі, тәрбие жұмысының методисі” мамандығын бітірді.
Бақтарбаев Қилыбай Шаңытұлы А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияның еңбек ардагері

Бақтарбаев Қилыбай Шаңытұлы А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияның еңбек ардагері.12 жылдық эксперименттік жұмысының және Қ.Бітібаева атындағы атаулы мектептің және қалалық шығармашылық топ мүшесі.Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту бағарламасының авторы. ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, облыстық білім басқармасының, қала білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
1949 жылы 9 желтоқсанда Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Сарыалжын ауылында дүниеге келген.1970 жылы А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын тәмамдаған.
Адильжанов Абай Кульмухамедович 1970 жылы Орал қаласындағы А.С.Пушкин

Адильжанов Абай Кульмухамедович 1970 жылы Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түсіп, 1975 жылы тарих пәні мұғалімі мамандығын бітірді. Еңбек жолын Орал облысының Чапаев ауданындағы Мерген орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Екі жылдан соң 1977 жылы Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Демитров орта мектебіне ауысып, директордың оқу ісі орынбасары қызметін атқарды.
Адильжанова Бибатпа Нурмухамбетовна 1956 жылы 6-наурызда Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келген

Адильжанова Бибатпа Нурмухамбетовна 1956 жылы 6-наурызда Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келген. 1974 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының физика факультетіне түсіп, 1978 жылы физика пәні мұғалімі мамандығын алып бітіріп шықты. Еңбек жолын Темір ауданы, Шұбарқұдық поселкесіндегі №3 қазақ орта мектебіне физика пәні мұғалімі қызметінен бастаған. 1990ж-1996ж. аралығында Шұбарқұдық поселкесіндегі №4 қазақ орта мектебінде физика пәні мұғалімі қызметін атқарған.
Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты...
Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету – әркімнің міндеті. Бүгінгі жас – болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу-білімнің тізгінін ұстату – мемлекет пен қоғамның міндеті.
Ақтөбе облыстық өңірінің мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға, қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып, өзінің азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға ат салысып жүрген Ақтөбе қаласы А.Байтұрсынов атындағы ЛМГ директоры Ешмуханбетова Ғалия Агимбетовнаға Түркия мемлекеті Анталия қаласына демалысқа тегін жолдама берілді.
Осындай қоғамдық жұмыстарға қатысып, өзінің үлесін қосып отырған, ұстазға үлкен алғысымызды білдіреміз.
Жаңа оқу жылының екі аптасы да зырғып өте шықты.
Жаңа оқу жылының екі аптасы да зырғып өте шықты.Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы білім ордасы ұзақ уақыт демалыстан келген мектеп табалдырығын аттаған оқушылармен адаптация, таныстық жұмыстарын жүргізіп, тәрбие мен білім беру процесіне қызу кірісіп кетті.
Бастауыштан орта буынға қадам басқан 5-кластықтар да бір мұғалімнен бірнеше мұғалімге үйренісіп,түрлі даңа пәндермен танысуда.Жаңа оқу жылында 134 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттап,инемен құдық қазатын оқудың алғашқы таңбаларын салуда.
Оқушылар контингенті-1440. Педагог саны -123.Педагог кадрларды конкурспен қабылдау негізінде мектеп мұғалімдер тобы 12 кадрмен толықты.Зерттеуші -педагог-34, сарапшы-педагог-23, модератор-педагог-32.Айтыс, хор, би,дебат,драма, домбыра және түрлі деңгейдегі спорттық үйірмелер жұмыс жасайды.
"А.Байтұрсынұлы ЛМГ" КММ айналадағы тәртіпті қалпына келтіру...
"А.Байтұрсынұлы ЛМГ" КММ айналадағы тәртіпті қалпына келтіру, қоршаған ортаны тазалықта ұстау мақсатымен жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты.
🍂 Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір адамның басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен мектеп қызметкерлері бүгін тазалық айлығына сәйкес сенбілік шарасына белсене араласты.
Отбасы мерекесі күніне орай Ақтөбе Астана әкімі А.Көпенов мырзадан..

Отбасы мерекесі күніне орай Ақтөбе Астана әкімі А.Көпенов мырзадан, А.Байтұрсынұлы атындағы 24 лингвистикалық мектеп гимназиясының қолдауымен бүгін мақтау Алғыс хатына ие болдық❤️
Сіздерге көп көп рахмет! Алла сыйласын❤️
Аллаға сансыз шүкір
Мерейлі отбасы 2023 ж 1-ші орынға ие болған Кабижановтар отбасындағы Марат атадан жүрек жарды ақ тілектерімен,қазақтың асыл қазынасы-домбыраның тиегін сыйға тартып,теңдесі жоқ асыл сөз-батасын алдық !
Үлгі тұтатын отбасылар,үлгі алатын үлкендеріміз көп болсын, аман болсын
15.09.23