Ахмет Байтұрсынұлы атындағы линвистикалық мектеп-гимназиясының жетекшілік етуіне қарасты

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы линвистикалық мектеп-гимназиясының жетекшілік етуіне қарасты @54mektep, @school40aktobe серіктес мектептердің қатысуымен желілік қоғамдастық аясында күзгі каникулда жоспарланған іс-шараларын талқыланды
Мектептерге арналған PISA

Қазан айынан бастап А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияда "Мектептерге арналған PISA" халықаралық зерттеуіне байланысты "PBTS-2024" тестілеуіне жоспар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы он бес жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді.
Ақтөбе қаласының білім бөлімі

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ-сі , Ақтөбе облысының білім басқармасының 15.09.2023 жылғы «Кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілген кеңес» №1 хаттамасына сәйкес,мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту , ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 1қазанынан бастап оқу жылының аяғына дейін ата-аналар кезекшілігі өз жұмысын бастады.
Жаратылыстану ғылымдарының Ассоциациясының

“Жаратылыстану ғылымдарының Ассоциациясының” математика, физика, информатика пәндері бойынша облыстық педагогикалық олимпиадада ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған физика пәні мұғалімі Есжанова Айымгул Базаргалиевнаны құттықтаймыз.
Жаратылыстану ғылымдарының Ассоциациясының

“Жаратылыстану ғылымдарының Ассоциациясының” математика, физика, информатика пәндері бойынша облыстық педагогикалық олимпиадада ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған математика пәні мұғалімі Симаганбетов Ермек Нурлыхиаловичті құттықтаймыз!
Ақтөбе қаласының білім бөлімі

РЕПОСТ @obrazovanie_gorod_aktobe 19 қазан күні "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Әдістемелік кабинет" КММ жоспарына сәйкес "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясы" КММ –де "Оқушылардың біліміндегі олқылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жүйесін ұйымдастыру", "Алгебра бойынша алғашқы сынақ тексеру жұмыстарын жүргізу (8 сынып)", "Алгебра бойынша сынақ жұмысын талдау" семинар-практикумы өткізілді.
Ақтөбе облысы математика және физика пәні мұғалімдерінің ІІІ шығармашылық

Ақтөбе облысы математика және физика пәні мұғалімдерінің ІІІ шығармашылық байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған Есжанова Айымгул Базаргалиевнаны құттықтаймыз.
Ақтөбе облысы математика және физика пәні мұғалімдерінің ІІІ

Ақтөбе облысы математика және физика пәні мұғалімдерінің ІІІ шығармашылық байқауында І дәрежелі диплом иеленген Бозшин Бекболат Жагалбайлиевичті құттықтаймыз.
ҮЗДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПЕДАГОГІ – 2023

Республикалық «ҮЗДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПЕДАГОГІ – 2023 байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды!
«Республика күні» мерекесіне орайластырып
«Республика күні» мерекесіне орайластырып, «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени ағарту бағыты бойынша мектебіміз Ақтөбе қалалық білім бөлімінің қолдауымен «Жаңа күн – жаңа Қазақстан» атты мектеп оқушылары арасында қалалық жас ақындар айтысын ұйымдастырып өткізді. Оған қала мектептері және қосымша білім беру мекемелерінің атынан 12 оқушы қатысты.
Тоғыз айға-тоғыз іс-шара
25 қазан Республика күні мерекесі қарсанында “Тоғыз айға-тоғыз іс-шара” жоба аясында «Қыран елім - Қазақстан!» атты патриоттық акциясы негізінде гимназияда Мемлекеттік Гимнді орындау шарасы ұйымдастырылды.
А. Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп- гимназия педагогтарды

А. Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп- гимназия педагогтарды бос немесе уақытша бос лауазымға үміткерлерді тағайындау бойынша ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 3 тарауы, 162 тармақшасына сәйкес конкурс өткізілді. Конкурс шешімі бойынша педагогтардың бос немесе уақытша бос лауазымына төмендегідей маман қабылданды: