А. Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық..
А. Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп- гимназия педагогтарды бос немесе уақытша бос лауазымға үміткерлерді тағайындау бойынша ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 жылғы №568 бұйрығының 3 тарауы, 108 тармақшасына сәйкес конкурс өткізілді. Конкурс шешімі бойынша педагогтардың бос немесе уақытша бос лауазымына төмендегідей мамандар қабылданды.
✅️Математика пәні мұғалім -Қайыржанұлы Кәрімжан. (уақытша)
✅️Ағылшын тілі пәні мұғалімі - Төлеуова Малика Сапарғалиқызы (уақытша)
✅️МАД мұғалімі- Карабалаева Махаббат Джангабековна ( уақытша)
Бүгін мектеп-гимназияда Тіл мерекесіне және..
Бүгін мектеп-гимназияда Тіл мерекесіне және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай жоспарланған іс-шаралар тізбегіне сәйкес мұғалімдер арасында "Ұлт ұстазының ұлы жолымен..."атты интеллектуалды ойталқы ұйымдастырылды.
-Ұстаздықтың ұлы көшін бастаған Ахмет Байтұрсынұлының мол мұрасын тану- оның атын иеленген мектеп-гимназиядағы әр ұстаздың басты міндеті.
-Сондықтан да айтулы мерекеде іс-шаралар тек оқушыларға ғана емес,ұстаздарға да жоспарланған болатын.
-Кеш барысында қатысушы мұғалімдер Ахаңның өмірі мен мұрасын қаншалықты білетіндіктері тұрғысынан додаға түсіп,әрі қарай ғалымның өсиет еткен нақыл сөздері мен бүгінгі қоғамдағы көкейкесті мәселелер яғни ана тілі,тарих,ұлтжандылық, оқу-ағарту ісі,білім мен ғылым,ұрпақ тәрбиесі төңірегінде өз пікірлерін ортаға салып, келелі ойларын білдірді.
- Ұстаздар қауымы қай кезеңде де өздерінің ұлт ,тіл жанашыры, Ахаң ізін жалғаушы ізбасарлары мен аманатын жүзеге асырушы екендіктеріне тағы да бір көз жеткізді.
Кенің бай, келімің мол,туған тілім!
Дыбыстың теріп сөз ғып, буған гүлін.
Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен,
Мен тосып, құтыла алмас қусам білім, - деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы жырлағандай, тарихы терең, қасиет тұнған баба тіліміздің төл мерекесіне орай жоспарланған үшкүндік бағдарламаға сәйкес 8-кластар арасында «Тіл тазалығы - ұлт қасиетінің нағыз белгісі» атты білім бәйгесі ұйымдастырылды.
Қазақстан халқы тілдері күніне орай қыркүйек айының 5-і күні “Тіл-ұлттың тұмары”
Қазақстан халқы тілдері күніне орай қыркүйек айының 5-і күні “ Тіл-ұлттың тұмары” атты қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің үшкүндік бағдарламасы дайындалды.
⚡️ Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - “Ұлттың сақталуына да жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаты - тіл” деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы
Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Бүгін Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалы мен А.Байтұрсынұлы
Бүгін Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалы мен А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясы арасында әріптестік байланысты дамыту, ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ресми түрде меморандум жасалды.
✅Меморандумға сәйкес ұстаздардың тәжірибесі, оның ішінде инновациялық педагогикалық методикаларды енгізу әдісі облыстың барлық жалпы білім беру мекемелеріне таратылатын болады.
🤝Меморандум аясында тың идеяларға, жаңашыл педагогтерге ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсетілетіндігі екі тарапқа қуаныш пен серпін берді.
Қалдырған ізі мәңгілік...
Сурабалдинова Гульсим Алжановна 1957 жылы 24 желтоқсанда Талдықорған облысы Гвардия ауданы Чкалов ауылында дүниеге келген.
1965 жылы Қаракемер ауданындағы мектепке 1-класқа барып, 1975 жылы бітірген.
1975 жылы Алматы шет тілдері педагогикалық институтының шет тілдер факультетіне түсіп, 1980 жылы француз-неміс тілдері пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Еңбек жолын 1982 жылы Қоғам орта мектебінде неміс тілі пәні мұғалімі ретінде бастаған.1984-1994 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой орта мектебінде неміс тілі пәні мұғалімі, 1994-2001 жылдар аралағында №36 қазақ орта мектебінде француз тілі пәні мұғалімі болып қызмет атқарған.
1998 жылы өз білім жетілдіру мақсатында Париж қаласындағы жоғарғы оқу орнында 2 айлық курстан өткен.
2001-2002 облыстық саңырау балаларға арналған арнаулы мектеп- интернатында тәрбиеші қызметін атқарған. 2002 жылдан бастап №24 лингвистикалық мектеп- гимназияда француз тілі пәні мұғалімі болып жұмыс жасады.Аталған уақыт аралығында шәкірттерінің сүйікті ұстазына айналып,әріптестерінің ақылшысы,сырласы болды. Зайыбы Теміржан ағай екеуі 4 бала,6 немере тәрбиелеп өсірген.
Гүлсім Алжановна ұстаздық еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, қалалық, облыстық пәндік олимпиадаларда француз тілі пәні бойынша оқушылары бірнеше жыл қатарынан жүлделі орындарды иеленіп, мектеп-гимназия абыройын көтерген шығармашыл, ұлағатты ұстаз болды. 2015 жылы желтоқсан айында зейнеткерлікке шықты.Гүлсім Алжановна 2018 жылы 15 қыркүйекте ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болды.
Кистаубаева Сара Алмуратовна

1978 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институтын химия, биология мамандығы бойынша бітірген. Бірнеше еңбек жолының баспалдағынан өткен. Жас маман еңбек жолын Қарабұтақ ауданы Т.Г.Шевченко атындағы мектепте химия- биология пәндері мұғалімі болып бастаған.
ОТАНДЫ ҚОРҒАУ ІСІ -ӘР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТТІ БОРЫШЫ

27 қыркүйек күні облыстық жастар ресурстық орталық басшысының орынбасары Заманай Қайнарұлының @kainar.zamanai және Ақтөбе қаласының білім бөлімінің әдестемелік меңгерушісі Серік Аманжолұлының @jassarbaz_04 қатысуымен Жасөспірімдер арасында әскери- патриоттық спартакиадасының жеңімпаздарын, болашақ жас сарбаздар марапатталынды.
*"Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым "*
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы #2 Жарлығымен бекітілген *"Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым "* сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 77 тармағына сәйкес ағымдағы жаңа оқу жылынан бастап 1-4 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ ұйымдастыру тапсырмасы беріліп, облыстық мәслихатының 28.04.2023жылғы #13 шешіміне сәйкес “А.Байтұрсынұлы атындағы ЛМГ” 4 қыркүйектен бастап 1-4 кластардың 575 оқушы және 5-11 кластардың жекеленген әлеуметтік арнайы санаттағы оқушылар ыстық тегін тамақпен қамтылды.
Төтенше жағдайда адамдарды аман сақтап қалу - басты мақсат
Төтенше жағдайда адамдарды аман сақтап қалу - басты мақсат. Осы орайда, адамдардың денсаулығы, қоршаған орта және шаруашылық нысандарға залал келтірілуіне жол бермеу қажет. Өйткені, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші нысандарды төтенше жағдайлар мен олардың туғызған зардаптарынан қорғау, мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып саналады.
Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету – әркімнің міндеті

Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету – әркімнің міндеті. Бүгінгі жас – болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу-білімнің тізгінін ұстату – мемлекет пен қоғамның міндеті.