ИФМ апталығы аясында физика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен үзіліс кезінде эксперименттік алаң өткізілді. Оқушылар физикалық тәжірибелерді қызыға көрсетті

17.11 күні ИФМ апталығы аясында физика пәнінің мұғалімі А.Б.Есжанова 8а сыныбында “Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і” тақыбырында ашық сабақ өткізді. Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жеке, жұптық жұмыс түрлері жүргізілді. Оқушылар сабаққа белсенділікпен атсалысып, өз білімдерін көрсетті.

”Әлем нақты ғылымдардың тілінде” ИФМ кафедрасы апталығы
Математика пәні мұғалімі Симагамбетов Е. Н.
7”ә” сынып
”Үшбұрыштың биссектрисасы, медианасы, биіктігі” тақырыбындағы ашық сабағы

"Әлем нақты ғылымдардың тілінде" атты ИФМ кафедрасы апталығы аясында информатика пәні мұғалімі Рысқұлова Шынар Сағидоллақызы 3"А" сыныбына "Көріністер" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Информатика пәні бойынша “Әлеуметтік желі дерт пе, әлде қажет пе?” тақырыбында 10 сынып оқушыларының арасында пікірталас өтті.

“3d редакторының құралдары” тақырыбында 6 ә сыныбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Р.Р. Кокаманова

"А. Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназия" КММ-де "Төрт тоқсан-төрт өнер" жобасы аясында "Алтын сақа" республикалық челленджі " өтті. Челлендж мақсаты — білім алушыларды рухани- адамгершілік, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу.
Челленджге қатысқан оқушылар, ата-аналар, ұстаздар "Үш табан", "Бес асық" ойындарын ойнап, өз ара бақ сынасты. Челленджге белсене қатысқан ойыншылар іс-шара соңында Алғыс хатпен марапатталды.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап "Ұлттық қор - балаларға" жобасын іске қосу жоспарлануда. Оған сәйкес, барлық балаларға жыл сайын ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50% есептеледі.

Балалар 18 жасқа толғанға дейін инвестициялық кіріс мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептеледі. Бала 18 жасқа толғанда БЖЗҚ-да оған арналған нысаналы жинақтау шоттары (бұдан әрі - НЖШ) ашылады. Бұл шоттан ақшаны тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалануға болады.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінде әдістемелік күн өткізілді. Қараша айының 6-10 аралығында күнтізбелік жоспар бойынша мұғалімдер сабақ өткізді.

"Әлем нақты ғылымдардың тілінде" атты Ифм кафедрасы апталығы аясында информатика пәні мұғалімі Мустаков Б.А. 7 "ә" сыныбында "Электронды кестелер" тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ жоғары деңгейде өтті.Оқушыларда сабаққа қызығушылықпен белсене қатысты.

15.11.2023 ж ИФМ кафедрасының апталығы аясында 8-сынып оқушылары арасында “Майталман физиктер” тақырыбында сайыс түрінде кластан тыс шара өткізілді.Мақсаты: оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттырып, топтасып жұмыс жасау машықтарын ұштап, ойлау жылдамдықтарын жетілдіре отырып, коммуникациялық дағдыларын аша түсу.

”Әлем нақты ғылымдардың тілінде” ИФМ кафедрасы апталығы
Математика пәні мұғалімі Курашова Н
11”В” сынып
”n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері” тақырыбындағы ашық сабағы