Психология

Республикалық “Зерде” шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары байқауының қалалық кезеңінде "Психология" секциясы бойынша жоба қорғап жүлделі 3 орынға ие болған мектеп-гимназиямыздың 7 "Ә" класс оқушысы Ержанова Айару
Тарих және өлкетану

Республикалық “Зерде” шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары байқауының қалалық кезеңінде "Тарих және өлкетану" секциясы бойынша жоба қорғап жүлделі 3 орынға ие болған мектеп-гимназиямыздың оқушысы Жарасов Рүстем.
Педагогикалық идеялар панорамасы

Республикалық "Педагогикалық идеялар панорамасы" байқауының аймақтық кезеңінде “Денсаулық мәселелеріндегі сауаттылық (медициналық сауаттылық)” бағыты бойынша ІІ орын иеленген дене шынықтыру пәні мұғалімі Бәймбет Бақытбек Таңатарұлын құттықтаймыз.
Педагогикалық идеялар панорамасы

Республикалық "Педагогикалық идеялар панорамасы" байқауының аймақтық кезеңінде “Мәдениетаралық сауаттылық” бағыты бойынша ІІІ орын иеленген көркем еңбек пәні мұғалімі Базылдина Дарига Есентемировнаны құттықтаймыз.
Педагогикалық идеялар панорамасы

Республикалық "Педагогикалық идеялар панорамасы" байқауының аймақтық кезеңінде “Мәдениетаралық сауаттылық” бағыты бойынша ІІІ орын иеленген көркем еңбек пәні мұғалімі Бисенова Раушан Ермекқалиқызын құттықтаймыз.
Оқушылардың демалысында мұғалімдер немен айналысады деп ойлайсыз?!
Оқушылардың демалысында мұғалімдер немен айналысады деп ойлайсыз ?!
Әркім өзін ұдайы дамытып отырғанда ғана қазіргі қоғамда сұранысқа ие маман бола алады!
Мектеп ұжымы да өзін өзі дамытуға көп мән береді.
Осы орайда демалыс күндерінің бірінде мұғалімдерге «БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ҰЖЫМ» тақырыбында тимбилдинг өткізілді.
Онда бірігіп әрекет етуді дағдыландыру мақсатында тимбилдинг жаттығулары қолданылды.
Белсенді, дарынды, жан-жақты мамандарымыз бұл күні жасы мен қызметіне қарамай, бір сапта тұрып, бір “команда” болып өнер мен білімдерін ортаға салды.
РЕПОСТ @amido_aktobe ҮЛГІЛІ КЕЛІН - 2023” ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 19 қазан күні облыстық жастар ресурстық орталығының қолдауымен Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы ұйымдастыруымен облыстық «Үлгілі келін -2023 » байқауы өтті
Lesson Study сабақты зерттеу мектеп тәжірибесінде
01.11.2023 күні А.Байтұрсынұлы атындағы ЛМГ жұмыс жоспарына сәйкес “Lesson Study сабақты зерттеу мектеп тәжірибесінде” тақырыбында семинар-практикум өтті.
Семинар-практикумда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Д.Г. Жакина мен Г.Қ.Сартаева зерттеу сабақтарының нәтижелерімен бөлісіп, маңыздылығы мен мақсаттарына толық түсіндірме берді, практикалық жұмыс жүргізілді.
Семинарға мектеп-гимназия жетекшілігіне қарасты @54mektep, @school40aktobe серіктес мектептердің мұғалімдері қатысты.
Соңында мектеп-гимназия бойынша зерттеу топтары белгіленіп, жетекшілері бекітілді.
Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу

Сынып жетекшілеріне арналған "Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу" тақырынбында семинар-тренинг өтті. Мақсаты: Сынып жетекшілерге зорлық-зомбылықтың кері әсерлерін түсіндіру, ата-аналармен жағымды қарым-қатынас орната білуге үйрету, жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары

30.10.2023 күні А.Байтұрсынұлы атындағы ЛМГ жұмыс жоспарына сәйкес “Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары” тақырыбында семинар-практикум өтті.
"Оқуға құштар мектеп -оқуға құштар ұлт"

"Оқуға құштар мектеп -оқуға құштар ұлт" жобасы аясында 25 қазан - Республика күніне орай мектеп-гимназияның 5-класс оқушылары арасында "Республикам менің" тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Жас оқырмандар елімізге белгілі ақындардың жалынды жырларын жатқа әрі мәнерлеп оқып, сайыс көркін қыздыра білді.