2023 жылдың 22 тамызы күні Ақтөбе қаласының білім бөлімінің Әдістемелік кабинеті Ақтөбе қаласы
2023 жылдың 22 тамызы күні Ақтөбе қаласының білім бөлімінің Әдістемелік кабинеті Ақтөбе қаласы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі жоспарына сәйкес «А. Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназия» КММ базасында “Білім берудің заманауи трендтері-табысты мектеп кепілі" тақырыбында мектеп директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларының панельдік сессиясы Ted X форматында өткізілді. Сессия мақсаты: Әдіскерлердің кәсіби құзыреттілігін, шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, жаңаша деңгейдегі жұмыс жүйесін жетілідіруге бағыттау.
А. Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп- гимназия педагогтарды бос немесе

А. Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп- гимназия педагогтарды бос немесе уақытша бос лауазымға үміткерлерді тағайындау бойынша ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 жылғы №568 бұйрығының 3 тарауы, 108 тармақшасына сәйкес конкурс өткізілді. Конкурс шешімі бойынша педагогтардың бос немесе уақытша бос лауазымына төмендегідей мамандар қабылданды.
"АЛҒЫС ХАТЫМЕН"

Ақтөбе облысы білім басқармасының "АЛҒЫС ХАТЫМЕН" марапаттауға ұсынылған кандидат
Мухтарова Мейрамгул Жайшылыковна
Аттанған туған елді түлеткелі,Сәт сапар,ЛМГ түлектері!

Аттанған туған елді түлеткелі,Сәт сапар,ЛМГ түлектері!
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназия жоғарыдағы ⬆️ бос лауазымдарға конкурс жариялайды

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназия жоғарыдағы ⬆️ бос лауазымдарға конкурс жариялайды.
Математика пәні мұғалімі -2 ( уақытша 32 сағат) География пәні мұғалімі -1 ( тұрақты, 16 сағат). МАД тәрбиешісі -1 бірлік (уақытша). Информатика пәні мұғалімі-1 ( уақытша, 10 сағат). Физика пәні мұғалімі-1 ( уақытша, 10 сағат).
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияда Ақтөбе қалалық білім бөлімі «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты» және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен бірлесіп, 2023 жылы 14 сәуірде мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы, лингвист-ғалым А. Байтұрсынұлына арналған «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҰЛТ ҰСТАЗЫ» атты І облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
«Әдістемелік кабинет»
2023 жылдың 26 сәуірі күні Қалалық «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес жас директорларға арналған «Бірлескен жұмыс: Нәтижеге бағытталған оқу-тәрбие үдерісін тиімді жоспарлау» тақырыбында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияда қалалық семинар өткізілді.
Мақсаты: Білім беру ұйымдары басшыларының басшылық пен басқарушылық құзіреттілігін жетілдіру, ұжымдық жұмысты дамыту, білім сапасын арттыруда әріптестермен іс-тәжірибе алмасу.
Аталған шараға Ақтөбе қаласының білім бөлімі басшысы Қосымбаева М.О., қалалық «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері Садыкова А.С. мен жас мектеп директорлары қатысты.
“Әдістемелік кабинет”

2023 жылдың 7сәуірі күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназия мен “Әдістемелік кабинет” КММ-ның бірлесе ұйымдастыруымен қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні жас мамандары арасында “Жас маман - 2023” байқауы өтті.
"Заманауи сабақ:Ізденіс.Нәтиже.Келешек"

28 наурыз күні А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияда қазақ тілді мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған "Заманауи сабақ:Ізденіс.Нәтиже.Келешек" тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: орыс тілі мен әдебиеті сабағында оқытудың жаңаша технологияларын қолдану-сапалы білім берудің басты негізі.