16 желтоқсан-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай мектеп-гимназиямызда әскери—қолбандалы спорт түрлерінен 2009-2010
жылғы оқушылар арасында қалалық «Жас Ұлан-2023» байқауы өткізілді.
Сайысқа №42,37орта мектептерінің АӘТД пәні мұғалімдері Умбеталин А.Б.,Сарқытбаев Н.А төрешілік жасады.

«Мектепке жол» Республикалық акциясы жыл бойы жалғасын табады. Осы қайырымдылық акциясы аясында көмек қолын созамын дейтін жанашыр жандарға әрқашан есігіміз ашық.

Мектеп-гимназияда 7-8- сынып оқушылары арасында республикалық пәндер бойынша олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті.

А. Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп- гимназия педагогтарды бос немесе уақытша бос лауазымға үміткерлерді тағайындау бойынша ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 3 тарауы, 162 тармақшасына сәйкес конкурс өткізілді. Конкурс шешімі бойынша педагогтардың бос немесе уақытша бос лауазымына төмендегідей маман қабылданды.

"Оқуға құштар мектеп -оқуға құштар ұлт" жобасы мектеп-гимназияның 5-сынып оқушылары арасында Ыбырай Алтынсариннің шығармаларынан жарыс өтті. "Білгеннің пайдасы" тақырыбында өткен аталмыш жарысқа 65 оқушы қатысып, кім мықтыны анықтады. Тілге жатық, тәрбиелік мәні зор Ыбырай шығармаларын жарыса оқыған жас оқырмандар сайысқа деген қызығушылықтары жоғары екенін таныта білді. Сайыс нәтижесі төмендегідей

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі бойынша қорытынды

Мектеп - гимназияның 8 "Г" сынып оқушысы Ермек Нұрислам "Мен жастарға сенемін!" республикалық оқушылар арасындағы айтыстың облыстық кезеңіне қатысып, 15 жастағы айтыскерлер арасынан 3- орынға ие болды.

2023 жылдың 29 қараша күні мектеп -гимназияда 5-6-сынып оқушыларына республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті.Мектеп - гимназияның 5-6-сынып оқушылары арасынан қазақ тілі мен әдебиеті, қазақстан тарихы, ағылшын тілі, орыс тілі, жаратылыстану, математика пәндеріне 168 білім алушы қатысты.Жүлделі орын алған оқушыларды тізімі:

Мектеп-гимназияның 3"Ә" сынып мұғалімі Есмұханова Ләззат Наурызбайқызы республикалық "Алтын тұғыр" атты математикалық логикалық бағыты бойынша өткен олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысып, алғыс хатпен марапатталды.
Ләззат Наурызбайқызына үлкен биікке қол жеткізуге тілектеспіз!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобаның облыстық кезеңінде 10-сынып оқушысы Рейімхан Кәусар lll дәрежелі дипломды иеленді. Жетекшісі: Мусиралина Назгул Самалыковна.
Оқушыларымызға шығармашылық бағытта сәттілік тілейміз!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобаның облыстық кезеңінде 9- сынып оқушылары: Абрашева Дария, Махмутова Фатима lll дәрежелі дипломды иеленді.
Жетекшісі: Қыдырбаева Ботагөз Женисовна

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобаның облыстық кезеңінің жүлдегерлері:
Латыпова Айгуль -10 сынып оқушысы, ll орын. Жетекшісі Абдиреева Жұлдыз Амангельдиевна