2023 жылдың 19 желтоқсаны күні Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығының ұйымастыруымен облыстық СПИД орталығының еріктілері Сансызбай Алмаз бен Есен Бектас АИТВ инфекциясын алдын алуға байланысты 8-11 кластардың жетекшілеріне тренинг-семинар өткізді.XX ғасырдың обасы аталған дерт туралы сұрақтар қойылып,сыеып сағаттары мен сабақтарға қолдануға болатын тың деректер берілді.

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ
ГЛАВА МИНПРОСВЕЩЕНИЯ ОБ ИТОГАХ ГОДА

Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалы мен А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясы арасында әріптестік байланысты дамыту, ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ресми түрде меморандум жасалды.

9-11 класс оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ кезеңінің іріктеу туры (тесттілеу) нәтижесі бойынша 10-класс оқушысы Латыпова Айгул республикалық кезеңге жолдама алды.

Мектеп-гимназияда 16 желтоқсан-Қазақсан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай мектепішілік үйірмелерге қатысушылардың ұйымдастыруымен “Бабалар аңсаған Тәуелсіздік” атты мерекелік кеш өтті. Қазақ елінің тәуелсіздік алған күнінен бастап тарихи оқиғалардан сахналық қойылымдар көрсетіліп,патриоттық әндер шырқалды.Оқушыларды елін сүйгіштікке,ұлтжандылыққа үндейтін жыр жолдары жатқа оқылып,көңілге қуаныш пен мұң ұялатқан тартымды шара көпшілік қауымның көңілінен шықты.

Нұржанов Мейірбек Мирболатұлы Ақтөбе қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияның 11«Б» сыныбында оқиды. Оқу үлгерімі орташа, сыныптағы белсенді оқушы. Кездейсоқ қиындыққа тап келген адамға алғашқы көмек көрсетіп, өмірін құтқарып қалды.

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!

16 желтоқсан-егемен еліміздің Тәуелсіздік күнімен баршаңызды құттықтаймын.

12 желтоқсан күні сағат 14.00-де “Құқықтық кеңесі” отырысы өтетіндігін хабарлаймыз! Кеңес мүшелерінің толық қатысулары сұралады!
Күн тәртібіндегі мәселелер:

25 11

“AMANAT” партиясы қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе қалалық филиалының қолдауымен “Ақтөбе қаласының білім бөлімі” ММ “Әдістемелік кабинет” КММ ұйымдастыруымен өткен “Үздік жас маман-2023” байқауында Алғыс хатпен марапатталған география пәні мұғалімі *Абдираманов Олтинбек Анваровичті* ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Құрметті қамқоршылық кеңес мүшелері! Желтоқсан айының 12-і күні "Қамқоршылық кеңесі" отырысы өтетіндігін хабарлаймыз! ‼️ Күн тәртібінде қаралатын мәселелер: 1. Мектепішілік жаңа жылдық шырша мерекесін ұйымдастырып, өткізу туралы. (Мамутова Г.У.)